Бүгін Шымкенттегі антисептикалық препараттар әзірлейтін зауыт Нұр-Сұлтан қаласына көмек ретінде 3 тонна өнімін жөнелтті.
Бұл кәсіпорын тәулігіне 6 тонна өнім шығаруда. Зауытта қазіргі таңда 30 жұмысшы екі ауысымда еңбек етуде. Қосымша резервте 10 жұмысшы бар. Ол кезде кәсіпорын үш ауысымда 10 тонна шығаруға қауқарлы.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты зауыт өнімдеріне Шымкентпен қатар, Нұр-Сұлтан қаласынан, Түркістан, Ақтөбе, Маңғыстау т.б. өңірлерден сұраныс артқан.
Кәсіпорын директоры Мұхит Асановтың мәлімдеуінше, зауытқа шикізат Бельгиядан, Ресейден тасымалдануда. Өнімдері сапасы жағынан елімізде көш бастап тұр. Бағасы қолжетімді.