«ІЗГІЛІК ЕЛШІСІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН БЕТПЕРДЕЛЕР ТАРАТЫЛУДА

Рейтинг
26.03.2020, 15:05
«ІЗГІЛІК ЕЛШІСІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН БЕТПЕРДЕЛЕР ТАРАТЫЛУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты қалалардың негізгі көшелерінде маскалар азаматтарға тегін таратылуы тиіс деген болатын.

Осы орайда, Шымкент қаласында «Ізгілік елшісі» жобасы аясында волонтерлар мен қала әкімі аппараты қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығы, жалпы 100-ге жуық еріктілер 20 000 дана бірнеше рет қолдануға болатын бетперделер мен балаларға арналған 600 аскорбинді қышқыл дәрумендерін тұрғындарға тегін таратуда.

«Қоғамды алаңдатқан соңғы оқиғаларға байланысты қазіргі таңда бетпердеге қажеттілік жоғары болғандықтан, дәріханаларда тез сатылуда. Тұрғындарға көмектесу мақсатында осындай акцияны бастап отырмыз» - деді «Ізгілік елшісі» жобасының Шымкент қаласы бойынша жетекшісі Жасмин Ашимова.

Оның айтуынша, қала тұрғындары қолға алынған акцияға ризашылықтарын білдіруде. Бірге болсақ, біз алмайтын асу жоқ деген Ж.Ашимова, осындай жағдайда қала тұрғындарын белсенділік танытуға шақырып, акция одан әрі жалғасын табатынын жеткізді.

Одан бөлек, еріктілер сақтық шаралары туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Сұхбат

PhotoRoom