ШЫМКЕНТ: КАРАНТИНДЕГІ ТҰРҒЫНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

Рейтинг
30.03.2020, 07:25
ШЫМКЕНТ: КАРАНТИНДЕГІ ТҰРҒЫНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

Шымкент қаласындағы карантинге жабылған Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

«Nur Otan» партиясы ұйымдастырған «Біз біргеміз!» республикалық акциясының аясында 107 (616 адам) жағдайы төмен отбасыға азық-түлік себеттері тегін таратылды.

Бұл туралы Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ақпараттық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

— Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабы короновирус инфекциясына байланысты 14 күнге карантинге жабылғаны белгілі. Біз осы қиын кезеңде әлеуметтік тұрғыда әлжуаз отбасыларға барынша қолдау көрсетіп жатырмыз. Елбасы тарсырмасымен ұйымдастырылған«Біз біргеміз!» республикалық акциясының аясында 107 (616 адам) жағдайы төмен отбасыға азық-түлік себеттері тегін таратылды. Сонымен қатар 716 отбасыға 40-50 пайыз жеңілдікпен картоп, пияз, сәбіз, май, ұн ұсынылды,- Бұқарбай Рысқұлұлы.

Б.Парманов тұрғын алабына арзандатылған бағамен бірінші сұрыпты ұн жеткізілгенін, қазір нан бағасы тұрақты екенін айтты. Нан Жаңаталап тұрғын алабындағы (500 метр қашықтағы) наубайханада жабылып, жеткізілуде. Тұрғындарға 75 теңгеден сатылып жатыр. LTD Тұрмыс ұйымы елді мекенге күніне 2 мезгіл таза ауыз су жеткізіп беруде.

Аудан әкімінің айтуынша, елді мекендегі барлық тұрғындар қауіпсіздік талаптарын мұқият орындап, үй карантинінде отыр. Барлық 2 856 тұрғынға тұрақты түрде тегін медициналық бетперде таратылуда.

Айта кетейік, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында 132 аз қамтамасыз етілген, 96 көп балалы отбасы өмір сүреді.

Шымкент қаласының Төтенше жағдай жөніндегі штабы

Сұхбат

PhotoRoom