Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында орналасқан 672 көпқабатты үй, 2 244 кіреберіс пен 400 ойын алаңында дезинфекция жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде.
Бұл туралы ақпараттық¬-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді.
— Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында орналасқан 672 көпқабатты үй, 2 244 кіреберіс пен 400 ойын алаңында дезинфекция жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде. Аудан бойынша дезинфекция жұмыстарын жалпы 14 сервистік кызмет көрсетуші мекемелер тарапынан жұмыс атқарылуда. Айта кетейік, бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Залалсыздандыру жұмыстары демеушілердің есебінен жүзеге асырылуда. ¬-- деді аудан әкімі.
Оның айтуынша, заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізеді. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Қолданылып жатқан ерітінді адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз.
¬—Аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 192 қоқыс алаңшасына қызмет көрсетуші «ОрионНовТех» ЖШС-і және «ЭкоСпецТранс» ЖШС-і мекемелері тарапынан залалсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, -- деді Ғ.Мәуленқұлов.
Оның айтуынша, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан қаланың 125 көшелерін ұзындығы 280 шақырымында залалсыздандыру жұмыстарын атқаруға 20 дана техника 20 адам және 1148 аялдамалар мен урналарды залалсыздандыруға 12 техника 35 адам жұмылдырылып, залалсыздандыру жұмыстары атқарылуда.
Шымкент қаласының
төтенше жағдай жөніндегі штабы.