ШЫМКЕНТТЕ «ҮЙДЕ БІРГЕ ОҚИМЫЗ!» ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАУ АЛДЫ

Рейтинг
17.04.2020, 14:04
ШЫМКЕНТТЕ «ҮЙДЕ БІРГЕ ОҚИМЫЗ!» ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАУ АЛДЫ

«Үйде бірге оқимыз!». Дәл осы атаумен Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен челлендж бастау алды.

Жастар арасында оқу мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 600-ге жуық оқырман белсенділік танытып отыр. Карантин кезеңінде бос уақыттарын тиімді өткізіп жатқан қатысушылардың дені - студенттер мен оқушылар. Төтенше жағдайға байланысты кітапханалардың жабық болуына қарамастан қатысушылар, оқулықтардың электронды нұсқаларын тауып, қызығушылық танытып отыр. Оқырмандардың басым бөлігінің таңдауы әдеби кітаптарға түскен. Сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың арасында шетелдік және ағылшын,орыс тіліндегі кітаптарды оқып жатқандар да бар.

Айта кетейік, бас жүлде иегеріне Phone Pro 11 ұялы телефоны сыйға берілсе, белсенді қатысушыларды өзге де тосын сыйлар күтуде. Жеңімпаздар 30 сәуір күні тікелей эфирде сағат 17:00-де анықталмақ. Карантинде жатып жеңімпаз атанамын деушілер толық ақпаратты @resurstyq_ortalyq парақшасынан біле алады.

Сұхбат

PhotoRoom