Қазақтың баланы "Тымаққа салу" салты көрсетілді

Рейтинг
22.04.2020, 13:54

Бала тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі –қазақ халқы. Шымкент қалалық Әдет –ғұрып және салт дәстүр орталығында отбасылық ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында  «ON'TU'STI'K» телеарнасымен бірлескен «Сарқылмас қазына» телевизиялық жобаның «Тымаққа салу» салтының кезекті түсірілімі   жасалды.

Ел арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі естіледі. Бала туатын уақытына жетпей, қандай да бір себеппен ерте туады. Егер бала күні жетпей туылса «шала туылған» деп тымаққа салып көре бермейтін жерге қояды. Ондай әлжуаз, кішкене болып уақытынан бұрын дүниеге келген балаларды қазақ дәстүрінде «шала туған бала», «шала», «жылбысқы» деп атайды.  Ондай балалардың атын Шалабек, Шалабай деп қоятын дәстүрлері бар. Бала туылатын уақытына неше күн жетпей туылса, сонша күн шала туған сәбиді тымаққа салып, әрбір кереге басына сонша күн іліп қоятын ырым бар. Қазақтар баланы көп жасаған, даңсалы қария, киелі адамдардың тымағына салады. Тымақтан кейін басқа кимей сақтап қояды. Қазақ балаға тәрбиені тереңнен ұғындырған.           Тымаққа салу кәдесінде тымақ  иесін шақырып балаға ат қойғызады, және бата бергізеді де, қарияға шапан кигізіп, тымағын ырымдап алып қалады.  Қырық  күн  кем болса  керегенің қырқыншы басынан кейін бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған баланың бесікке салу  рәсімі жасала бастайды.   Тымаққа жатқан сәбиге жыраулардың өнегелі сөздерін сіңдірген.Шала туылған сәбидің тез жетілуі үшін оның анасына да ерекше күтім жасап, қырық күн бойы күткен. Дүниеге сәби әкелген ананың өн бойы балбырап,   буындары босап, он екі мүшесінде өзгеріс болады, сондықтан оған суық тигізбей, жылы ұстаған. Сәби тез өсіп жетілуі үшін күш қуаты мол нәрлі тағамдар берілген. Буыны бекіп, белін тез көтерсін деп атала немесе быламық пісіріп беріп отырған.  Ана сүті арқылы бала тез ет жинап,   салмақ қосып, тез жетілетіндіктен анасының саулығына көп көңіл бөлген. Мерзімінен бұрын дүниеге келген  баланы тымаққа салып өсірсе, ал, қазіргі таңда шала туылған баланы  өлшеп, кіндігін кесіп болғаннан кейін баланың  жалпы жағдайы мен салмағына байланысты кувез немесе термокеруетке салады. Жөргекте жетілуге тиісті бөпенің бабын табу оңай шаруа емес. Ата-әжелеріміз бұл проблеманың түйінін өткен ғасырларда-ақ шешкен. Он құрсақ көтеріп, оларды өсіріп-жетілдірген батыр аналарымыз көп.

Сұхбат

PhotoRoom