ӘР АЗАМАТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Рейтинг
03.05.2020, 13:19

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі жасаған мәлімдемесін толық оқып шықтым. Оқып шықтым да біраз мәліметтерге қанық болдым. Елді елеңдетіп, арысы әлемді әбігерге сап қойған бұл індеттің қауіптілігіне көзіміз жеткені қашан. Мемлекетіміз жасап жатқан сақтық шаралары мен енгізіп жатқан шектеулерінің барлығы да басты қазынасы – халқының амандығы мен оның қауіпсіздігі үшін деп білеміз.

Қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін күрделі де, аса қажет шешім қабылдай алған Президентіміздің арқасында індет жаппай таралған жоқ. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен халықаралық сарапшылар да Қазақстанның іс-қимылын оң бағалап отырғанын жеткізген Қ.Тоқаев әлде де карантин режимін созу керектігін баса айтып өткен.

Жазушы, батыр Момышұлы Баукеңнің «Тәртіпке бас иген ел құл болмайдысын» жадымызға түйіп, карантин режиміне түсіністік танытсақ, бұл дүлей дауыл да өтер, кетер.

ОҚМПУ, "География" кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты

Сұхбат

PhotoRoom