Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы облыстық маңызы бар көпірдің құрылысымен аудан әкімі А. Әліқұлов арнайы танысты.
"Әлем Транс Жол" ЖШС тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, құрылыстың сапасына назар аударды.
Шымкент қаласы мен Төле би ауданын қосып жатқан өткелмен тәулігіне 7-8 мың көлік қатынайды. Сондықтанда аудан әкімі мердігерге көпірді уақытылы әрі сапалы етіп тапсыруды ескертті.