ШЫМКЕНТ: САУДА НЫСАНДАРЫ ОНЛАЙН ТӨЛЕМГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРУДЕ

Рейтинг
03.05.2020, 18:12

Шымкентте 1 мамырдан бастап төтенше жағдай штабының экономикалық-әлеуметтік маңыздылығы бар деп таныған бірнеше қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпорындардың жұмысы қайта басталады. Осылай кезең-кезеңімен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, кәсіпкерлер өз жұмысына кірісе алады.

Дегенмен бұл - қауіптің толық сейілгенін білдірмейді. Барлық сауда нысандарында санитайзерлер мен маскалық режим, дезинфекциялық жұмыстар күшейтіледі. Алдын хабарланғандай, қаладағы барлық шағын және орта бизнес өкілдеріне карточкалық төлем мен онлайн төлем қабылдау әдісі енгізілді.

Осы ретте қала тұрғындарын да базарлар мен дүкендерде, таксилер мен жеткізіп беру қызметтерінде барынша онлайн төлем жасауға шақырамыз. Бұл қауіпсіздікті арттырып, тұрғындар үшін ыңғайлы тәсіл болмақ.

Егер қызмет көрсетуші нысан ондай мүмкіндік ұсына алмаса, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-иннновациялық даму басқармасына әлеуметтік желі арқылы шағымыңызды жолдасаңыз болады.

Facebook: Кәсіпкерлік Басқармасы Шымкент

Instagram: @shymkent_kasipkerlik

Сұхбат

PhotoRoom