ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ АЯЛДАМАЛАР ОРНАТЫЛАДЫ

Рейтинг
05.06.2020, 04:51
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ АЯЛДАМАЛАР ОРНАТЫЛАДЫ

Шымкентте екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ. Кішкентай аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге қою жоспарлануда.

Жаңа аялдамалар бұрынғысынан сынбайтын терезелерімен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, аялдамалардың ені бұрын 60 см болса, қазіргісі 40 см болып қысқарады. Оның себебі, белгілі бір тұрғылықты жайы жоқ азаматтар аялдаманы паналамауы үшін жасалған.

Қоғамдық көлік жүйесін жаңарту кезінде атқарылған жұмыс нәтижесі шалғай елдімекендерге әлі де болса 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет екенін көрсетті. Бұл мәселе алдағы 4-5 жыл ішінде кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom