ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Рейтинг
02.07.2020, 05:48
ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Үшінші мегаполисте сала мамандары тазалық жұмыстарын жүйелі жалғастыруда. Аудан әкімдіктері тарапынан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы ағаштарды санитарлық қырқу, кіреберіс алаңдарының маңайындағы жасыл желектерді ретке келтіру, ағаштардың түбін әктеу және шөп ору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал қаланың біраз көшелерінде «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-і қызметкерлері жаппай тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте арықтардың бойы қоқыстан тазартылып, шөптері орылды.

Атап айтсақ, Қошқар Ата өзені, «Жаңа шек» каналындағы қоқыстар техниканың көмегімен сыртқа шығарылып, жағалаулары реттелді. Бұдан бөлек, Алпамыс батыр, Пресс автомат, Завод көшелері де қоқыстардан тазартылды.

Сұхбат

PhotoRoom