ШЫМКЕНТТЕ 11 КАНАЛ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Рейтинг
02.07.2020, 07:44
ШЫМКЕНТТЕ 11 КАНАЛ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында биыл ұзындағы 134,4 шақырым болатын 11 канал қайта жаңартылады. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбековтің айтуынша бүгінде Шымкентте жалпы ұзындығы 241,24 шақырымды құрайтын 27 канал бар. Биылғы жаңаратын 11 каналдың бірі ұзындығы 10 шақырымды құрайтын «Өтеміс» каналы. Бұл су арнасында күрделі жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Сметалық құны 545 млн.тг құрайды.

«Шымкент қаласының өзен және канал арналарына механикалық тазалау бойынша сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік жекешілік әріптестік жобалары бойынша 2020-2024 жылдарға 850 млн теңге қаралған. Яғни, тағы 16 канал арнасын (117,3 шақырым) механикалық тазалау көзделіп отыр.

Сұхбат

PhotoRoom