Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы ауыл шаруашылығына арналған жер көлемі 13516 гектарды құрайды. Оның ішінде егістік 6257га., жайылым 4524га., суғармалы 2129га жерлер болып табылады. Орналасқа жері Төлеби ауданынан қосылған елдімекендерде. Ол аумақтарда өзін өзі жұмыспен қамтып отырған, күн көрісі мал шаруашылығы және егінмен айналысатын азаматтар. Сондықтан игерілмей жатқан жерлер жоқ, керісінше мал жайылым жерлер жетіспеуде.
"Nur Otan" партиясы Еңбекші аудандық филиалы, партиялық бақылау комиссиясы мүшелерімен бірлесе Маятас тұрғын алабындағы жайылымдық жерлердің жайын бақылады. Бұл жерлерде мал көп, сондықтан жайылымдық жер жетіспейді. Ауыл тұрғындары Бадам су қоймасының іргесіндегі жерлердің басқа мақсатқа пайдаланып кетпеуін сұранады. Ол жердегі 60 га. жуық жерге бау егу т.б. мақсаттарға пайдалану бойынша әрекеттер болған. Осы мәселені оңтайлы шешуді ауыл тұрғындары сұрануда. Алдағы уақытта осы ұсыныстар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Шымкент қалалық Еңбекші ауданы әкімінің аппараты