Балалар отбасына қолғабыс етуді үйренді

Рейтинг
12.06.2020, 19:50

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №89 мектеп-лицейі ұдайы игі істердің бастауында жүреді. Оқушыларды жастайынан еңбекке баулып, үлкендерге қолғабыс жасауға баулу мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырады. Карантин режиіміне байланысты мектеп ұжымы оқушыларды көктемгі егу жұмыстарын жүргізу бойынша онлайн шараны іске қосты. Оқушылар көктемде бау бақша күтімі туралы әңгімелеп мектептің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялап отырады. Отбасылық жылыжай, атам мен әжемнің және біздің еңбегіміздің жемісі. Біздер ата-анамызға жәрдем берудеміз» деген оқушылар өздерінің қандай қолқабыс жасап жатқандарын желіге жүктеп жатыр. Бұл өз кезегінде отбасы құндылығының бір көрініс болса керек.

Сұхбат

PhotoRoom