Отбасы беделін бейнелеген байқау

Рейтинг
14.06.2020, 14:41

Шымкент қаласы Білім басқармасы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» тақырыбында қашықтықтан сурет салу байқауы өткізілді. Байқауға 10 мектептен 154 жұмыс келіп түсті. Балалар қызықты байқауға белсене қатысты. Отбасында ата-ана бауырларын салған олар, отбасы құндылығы туралы барынша бейнелеуге тырысыпты. Әр баланың суреті әртүрлі мағынаны білдіреді. Балалардың қызығушылығын оятқан байқау алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен 1 оқушы,

ІІ дәрежелі дипломмен 2 оқушы,ІІІ дәрежелі дипломмен 3 оқушы, «Ең жас суретші» номинациясымен 1-сыныптың 2 оқушысы, «Көркем сурет» номинациясымен 8 оқушы марапатталды.

Сұхбат

PhotoRoom