Әкенің рөлін арттыру маңызды фактор болып табылады

Рейтинг
14.06.2020, 16:42

Бүгінде әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты ретінде ана мен баланы қорғауға негізделген қоғамдық құндылықтарды, тарихи дәстүр мен мәдениетті сақтау, отбасылық құндылықты дәріптеу, сондай-ақ, қоғамның танымын кеңейту және сақтау, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. Бұл тарапта көптеген жұмыстар қолғам алынуда. Жыл сайын тойланатын Отбасы күні қоғам және мемлекеттік органдар алдында отбасылық құндылықтар мен некенің маңыздылығын насихаттау бойынша жаңа міндеттер жүктейді. Адамдардың отбасы алдындағы жауапкершілігін арттырады. Көптеген мәселелерді қазақстандық отбасы мәртебесін көтеру мен нығайту, көп ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүр мен құндылықтар арқылы шешуге болады. Отбасылық тәрбиеде әкенің рөлін арттыру маңызды фактор болып табылады. Осы орайда бүгінде Шымкент қаласында «Әкелер клубы», «Аналар кеңесі» құрылған. Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Әкелер клубы» ұдайы жиындар өткізіп тұрады. Бүгінгі жағдайларға байланысты онлайн жиын бағытында өтуде. Сондай-ақ, «Аналар кеңесінің» де атқарар ролі зор.

Сұхбат

PhotoRoom