Қоршаған ортаны таза ұстамау - мәдениеттілігімізге сын

Рейтинг
06.07.2020, 22:10
Қоршаған ортаны таза ұстамау - мәдениеттілігімізге сын

Күн сайын Шымкент қаласынан  500-550 тонна қоқыс қалдықтары арнайы полигонға жіберіледі. Бүгінгі таңда аталған полигонның қоқыс сұрыптау зауытында жиналған жалпы қоқыс 111 592 тоннаны құраса, сұрыпталған қоқыс көлемі 19 632 тоннаға жеткен. Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы алдағы уақытта қала тазалығы бойынша жауапты мекемелер мен қала тұрғындары үшін арнайы ереже бекітуді жоспарлап отыр. Оның ішінде, қоқыстың тазалануына жауапты мердігер мекемелермен келісімге келу және жұмыс сапасын бақылау қызметтері болады. Қоршаған ортаны таза ұстауды тек бір тарапқа жүктеп қою - олқылықтарды көбейе беретіні белгілі. Жауапты мекемелер, тасымалдаушылар және тұрғындармен бірлесе кешенді жұмыс жасау қаламызды бұдан да таза болуына септігін тигізбек дейді жауапты мекеме мамандары.

Сұхбат

PhotoRoom