Жаңа мемлекеттік жүйе – ашық қоғамды қалыптастырады

Сұхбат
16.05.2022, 21:31
Жаңа мемлекеттік жүйе – ашық қоғамды қалыптастырады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Берік Бекжанов Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында Жұлдыз тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, мәслихат депутаты Қайрат Сүлейменов, Еңбекші аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова, «Көркем» БПҰ төрайымы Гүлайым Шунгараева қатысты.

Конституцияға енгізілетін өзгерісті жалпыхалықтық референдум арқылы халықпен кеңесіп, қабылдау игі бастама. Мемлекет басшысының жариялаған бұл үндеуі – жаңа дәуірдегі мемлекет тұрақтылығының кепілі. Саяси сындарлы диалог пен экономикалық маңызды реформалар қоғамдық гүлдену мен мемлекеттің ертеңіне үлкен үміт ұялатады. Конституциялық реформа бүкіл мемлекеттік үлгінің кешенді өзгеруіне бағытталған.

▫️Мемлекет басшысы: «Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз. Бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Әркім қарым-қабілетіне сай қоғамнан өз орнын иеленеді. Халықтың ой-санасы жаңғырып, өмір салты өзгереді. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша, Екінші Республиканы қалыптастырамыз. Конституциялық реформа мұның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қажет» - деп атап өткен болатын.

«Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ. Жаңа Қазақстан дегеніміз – бұл Әділетті Қазақстан. Оны құруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек», - деді Ж.Бектаева

Сұхбат

PhotoRoom