Еңбекшінің әкімі 7 айға есеп берді

Рейтинг
10.08.2022, 13:18
Еңбекшінің әкімі 7 айға есеп берді

Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтсақ  ауыз сумен 94,5%-ға,  электр жарығымен 96,5%-ға, табиғи газбен 90,7%-ға, кәріз жүйесімен 57%-ға,  асфальт жолмен 71,5%-ға қамтылған. Инфрақұрылымның ішіндегі ең өзектісі ауыз су. Аудандағы алты елдімекенде ауызсу құрлысы басталады.

Еңбекші ауданында көпқабатты үйлер орналасқан мөлтекаудандар көп. Сондықтан күз жақындаған сайын жылу жүйесін ретке келтіру күн тәртіптен түскен емес. Осы бағыттада шаруа шаш етектен.

Ауданда ұзындығы 702 шақырымды құрайтын 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 502 шақырымы асфальт, 181 шақырымы тас, 19 шақырымы топырақты құрайды.Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен былтырғы жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілсе. Ағымдағы жылы былтырғы көсеткіштен жоғары, жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сұхбат

PhotoRoom