Биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды – Бас мүфти

Әлеумет
24.07.2020, 16:25

Құрбандық шалу онлайн-тапсырыс беру арқылы жүзеге асады

Биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды – Бас мүфти
фото: muftyat.kz

31 шілде күні Қазақстан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

«Алла қаласа, биылғы Құрбан Айт мерекесі Ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болады. Осыған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды», - деді Бас мүфти брифингте.

Сондай-ақ Бас мүфти карантин мен пандемияға байланысты, биыл құрбандық жасайтын азаматтардан онлайн-тапсырыс жиналатынын айтты. Яғни, бұрынғыдай адам малды өзі таңдап, қасапшының жанында тұрып, дұға оқи алмайды және құрбандығының бір бөлігін үйіне әкете алмайды. Діни басқарма мал еті түгелдей мұқтаж жандарға таратылатынына кепіл берді.

Сұхбат

PhotoRoom