Алматы облысында газ бағасы арзандатылды

Экономика
16.03.2023, 23:06

Іске прокуратура араласқан

Алматы облысында газ бағасы арзандатылды
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен Шамалған, Жандосов, Шалқар, Еңбенші, Үштерек, Құмарал, Тұрар МТФ және Арай, Аянат, Дархан, Баркөл бау-бақша қоғамдарының тұрғындарына газ тарифі төмендетілді.

Жыл басынан бері жоғарыда аталған елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсететін «Сигма-ГАЗ» ЖШС халық үшін тауарлық газдың салыстырмалы түрде жоғары тарифіне наразылықтарын білдіген.

«Осыған байланысты, аудан прокуратурасы тауарлық газды өткізу бойынша қалыптасқан тарифке талдау жүргізді, нәтижелері бойынша монополияға қарсы заңнаманың бірқатар бұзушылықтары анықталды», - делінген хабарламада.

1 сәуірден бастап жоғарыда аталған елді мекендер үшін қосылған құн салығын (ҚҚС) ескере отырып тариф бағасы бір текше метр газ үшін 28,95 теңгеге дейін төмендеді, осылайша Алматы облысының прокуратурасы 9 918 тұтынушының құқықтарын қорғап, қалпына келтірді.

«Сигма-ГАЗ» ЖШС газбен жабдықтау ұйымы 2 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сұхбат

PhotoRoom