Елена Рыбакина қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс айтты

Әлеумет
21.03.2023, 13:41

Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды

Елена Рыбакина қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс айтты
Фото: әлеуметтік желі

Елена Рыбакина турниріндегі Индиан-Уэллс жеңісінен кейін өзіне қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс білдірді. 

«Мені қолдағандарыңыз үшін баршаңызға рақмет! Әсіресе, Қазақстандағы менің жанкүйерлерім, жеңіс пен жаңа белеске ұмтылып келе жатқан балалар мен жасөспірімдерге алғысым шексіз. Сондай-ақ демеушілеріме де ризамын. Сіздердің көмектеріңіздің арқасында шамам жеткенше теннис алаңында жеңімпаз болуға тырысамын!» - деп жазды Елена Рыбакина әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде 7-орынға көтерілді. 

Спортшыны тарихи жеңісімен ел президнті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Сұхбат

PhotoRoom