Қазақстанда соңғы 4 ай ішінде тұрмыстық зорлықтан 33 адам қайтыс болған

Әлеумет
06.08.2020, 17:37

Карантин кезінде тұрмыстық зорлық айтарлықтай көбейген 

Қазақстанда соңғы 4 ай ішінде тұрмыстық зорлықтан 33 адам қайтыс болған
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының басшысы Әсет Оспанов айтты.

ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің ерекше істер жөніндегі аға тергеушісі Арман Мәтжанның айтуынша, 2020 жылдың 16 наурызы, яғни, төтенше жағдай енгеннен бастап, 5 тамызға дейінгі аралықта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 241 қылмыс тіркеліп, салдарынан 33 адам көз жұмған.

Тергеу департаментінің хабарлауынша, өткен жылдың дәл осы кезеңінде (16 наурыз бен 31 шілде аралығы – авт.) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 168 жағдай тіркелген.

Сұхбат

PhotoRoom