Не себепті Мемлекеттік комиссия кинотеатрлардың ашылуына жол бермей отыр

Жаңалықтар
17.08.2020, 17:31

Санитар дәрігерлер кинотеатрларды вирус тез тарайтын орындардың бірі деген қорытынды шығарған

Не себепті Мемлекеттік комиссия кинотеатрлардың ашылуына жол бермей отыр
фото: yvision.kz

17 тамыздан бастап Қазақстанда карантиндік шаралар жеңілдетіліп, сауда орталықтары мен сауда орталықтарының ішіндегі дәмханалар, шаштараздар мен сұлулық салондары, даладағы және ғимараттағы базарлар ашылып жатыр. Осы орайда, Үкіметке сауал жолдаған кинотеатр иелері олардың жұмысына неге рұқсат берілмей отырғанын сұраған.

Денсаулық сақтау министрінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов санитар дәрігерлердің шешімін алға тартып, не себепті кинотеатрлардың ашылмай отырғанын түсіндірді.

«Санитар дәрігерлердің пайымдауынша, кинотеатрлар мен бассейндер сияқты қоғамдық орындар вирус жұқтыру қаупі жоғары орындар қатарына кірген. Сондықтан, кинотеатрлардың жұмысына әлі рұқсат берілмей отыр. Біз де соңғы рет кинотеатрға наурыз айында барған едік, киноны сағындық. Бірақ күте тұру керек. Ең бастысы – деннің саулығы. Кинотеатрлар инфекциялық ауру тез әрі көп адамға таралатын қоғамдық орынға жатады», - дейді Қожахметов.

Сұхбат

PhotoRoom