Шымкент: 36 мектепке ішкі әжетханалар орнатылып, іске қосылуда

Аймақ
29.08.2020, 14:56

Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 337,3 млн. теңге қаржы қаралған

Шымкент: 36 мектепке ішкі әжетханалар орнатылып, іске қосылуда
Фото: Береке Сейітжаппар

Қаладағы білім алушыларға қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарына жаңа үлгідегі қосымша бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету, мектептерді турникеттермен жарақтандыру, ішкі әжетханалармен қамтамасыз жұмыстары атқарылуда.

Білім басқармасының басшысы онлайн форматта өтіп жатқан тамыз кеңесінде осы бағыттағы жұмыстардан хабардар етті.
Қала бойынша 223 мемлекеттік білім беру мекемесі 100% бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген. 2020 жылы мектептерге қосымша 1 755 нүктеге жаңа үлгідегі бейнебақылау камераларын орнату мақсатында 402 млн. теңге қаржы қаралған.

2020 жылы әжетханасы сыртта орналасқан 36 мектепке ішкі әжетхана орнатуға жергілікті бюджеттен 337,3 млн. теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды қыркүйек айына аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының білім ошақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары да аяқталып келеді. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялыр орталығы хабарлады.

Сұхбат

PhotoRoom