Марғұлан Сейсембай: Украинаның келешегі үшін жұмыс істеймін

Саясат
01.09.2020, 10:55

Марғұлан Сейсембай Михаил Саакашвилимен ресми түрде серіктес болды

Марғұлан Сейсембай: Украинаның келешегі үшін жұмыс істеймін
фото: facebook.com/SaakashviliMikheil/

Белгілі меценат, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай Facebook желісінде саясаткер Михаил Саакашвилидің серiктесi болғанын хабарлады.

«Достар, бүгiннен бастап мен Михаил Саакашвилидің партнеры/серiктесi болғанымды ресми түрде жариялаймын. Бұл қызметте мен оған бар күшiмдi аямай көмектесiп Украинаның келешегi мен абыройына жұмыс істеймін! Қазақстаннан кетiп жатқан жоқпын. Екi елге қатынап жұмыс iстеймiн», - деп жазды ол.

Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы, оппозициялық саясаткер Михаил Саакашвили жаңа серіктесі Қарапайым шешімдер мен нәтижелер кеңсесінде бірқатар міндеттерді атқаратынын жазды.

Сұхбат

PhotoRoom