ЖАЙЛЫ МЕКТЕП – БІЛІМДІ ҰЛТ КЕПІЛІ

Рейтинг
18.04.2024, 18:32
ЖАЙЛЫ МЕКТЕП – БІЛІМДІ ҰЛТ КЕПІЛІ

Шымкент қаласының тұрғын саны 1 млн-ға жетіп, республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленгеніне де алты жылғы жуық уақыт болды. Оңтүстік өлкесі бала туу көрсеткіші бойынша да республикада көш басында. Бала саны артуына байланысты соңғы жылдары үшінші мегаполисте мемлекеттік және жекеменшік мектептердің саны артты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында білім нысандарының саны мен сапасын арттыруды тапсырған болатын. Міне осы жоба аясында биыл Қазақстанда 208 мектеп салынып бітіп, пайдалануға берілуі тиіс.

Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын аясында шаһарда 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Инфрақұрылымның дамуы мен мектептердің материалдық-техникалық базасының нығаюы білім сапасына да оң әсер ететіні сөзсіз. Шымкенттік оқушылардың білім сапасына қатысты көрсеткіштері жылдан жылға жақсарып келеді. Мәселен, 2021-2022 оқу жылы білім сапасының деңгейі 51,1 пайызды құраса, 2022-2023 оқу жылы 56,2 пайыз құрап,  5,1 пайызға өскен. Жергілікті оқушылар халықаралық және республикалық білім сайыстарынан 2023 жылы 92 жүлделі орынға ие болған.

Жоспарланған 18 мектеп құрылысы пайдалануға берілген жағдайда жаңадан ашылған шағын аудандардың және сынып толымдылығы жоғары мектептер мәселесі толығымен шешілетін болады. Сонымен қатар қосымша 2 579 педагог жұмыспен қамтылады. Жобада жайлы мектептің ерекшеліктері бекітілген. Бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған ғимараттың жеке блоктарының болуы, пәндік кабинеттердің толық жиынтығы, еңбекке баулуға арналған әмбебап шеберханалар мен студиялар, жабдықталған спорт зал мен асханалар және арнайы талаптарға сай қауіпсіздік жүйелері қамтылған. Қала әкімінің орынбасары құрылыс барысында осы артықшылықтарды назарға алуды, құрылыстарды мерзімінде аяқтауда өзекті мәселелерді жүйелі шешуді тапсырды. Жалпы үш ауысымда білім беретін мектептер және мектебі жоқ шағын аудандар мәселесі толығымен шешілді деп айтуға болады, ал орын тапшылығын (дефицит) 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған.

 

 

 

 

Сұхбат

PhotoRoom