ҚОҒАМНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ - ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРТЫМЕН ҒАНА МҮМКІН БОЛАДЫ

Рейтинг
21.04.2024, 21:59
ҚОҒАМНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ - ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРТЫМЕН ҒАНА МҮМКІН БОЛАДЫ

Мемлекет басшысының қол қойған Заңы мені толқындырып, кеш болса да ойымды бөлісуге асықтырды. Бұл заң, Президенттің медицина қызметкерлерінің заңдық және қаржылық қорғау жүйесін енгізу және жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ құрамында никотин бар заттардың жастар арасында таралуының алдын алу және оған қарсы күрес жөнінде жүйелі шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Бұл ретте заңда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру енгізілді. Медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған түзетулер қабылданды.

Ал Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың  "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы белгіленгені осы саладағы аянбай жұмыс жасап жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбегін бағалау деп білемін, сонымен қатар медицина саласындағы жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан артық есептілік пен ақпарат беруден босату үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган енді медицина қызметкерлерінің толтыруы үшін міндетті құжаттаманың тізбесін бекітетіні, дәрігерлердің негізгі  жұмысы – емдеумен толық қанды айналысуына мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Баршаңызға мәлім, біздің біраз уақыттан бері көтеріп жүрген мәселе – денсаулық саласында меншік нысанына қарамай медицина қызметкерлерлерінің қажеттілігін ескеру мәселесі енді іске асады деген сенімдеміз, және де бұдан былай жас мамандармен қатар тәжірибелі дәрігерлер де ауылды жерде тұрғылықты жұмыс жасауға толық мотивациясы болады, оған аталмыш заңдағы жазылған мына мағаналы сөздер куә - «....жұмысқа келген аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне ауылдық жерде кемінде 5 жыл мерзімге ең төменгі жалақының жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем жүзеге асырылатын болады».

Бұл Заң туралы пікірімді Мемлекет басшысының өз Жолдауындағы: "Қоғамның үйлесімді дамуы ұлт денсаулығын қамтамасыз ету шартымен ғана мүмкін болады", - деген сөздерімен аяқтағым келеді.

 

Нұрмашев Бекайдар Қалыбайұлы

"AMANAT" партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы

Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес төрағасының орынбасары

Сұхбат

PhotoRoom