ШЫМКЕНТТЕ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Рейтинг
21.04.2024, 23:06
ШЫМКЕНТТЕ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты тұрақты жұмыспен қамтуды басты назарға алуды тапсырған болатын. Сондақтан да азаматтарды жұмыспен қамту күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналып отыр.  Осы мақсатта «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» жүйелі түрде жүзеге асуда. Себебі тұрғындардың әлеуеті жақсармай, жұмыссыздар саны азаймай, еліміздің алға қарай қарыштап дами алмайтыны, экономикамыздың көтерілмейтіні белгілі. Мемлекет басшысы өңірлерде 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орындарын құруды тапсырған болатын.

Осы орайда, үшінші мегаполисте 2024 жылы 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған.  2024 жылдың 1 тоқсанындағы қорытындысымен 12,2 мың адам қатысып жоспар 22% орындалды.  Оның ішінде: 30,2 мың адам жұмыспен қамту шараларына қатыстыру көзделіп, нақты 9,2 мың адам қатысты; 26,4 мың адамды жаңадан құрылатын жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, нақты 3,0 мың жұмыс орны құрылып, азаматтар жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастардың кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 273 жасқа 2,5% көлемінде жеңілдетілген шағын несие беріледі.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адамды қамту жоспарланып, жыл басынан бері нақты 4 288 адам жолданған. Олар: 170 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 138 адам; 3 554 адам жастар практикасы, нақты 605 адам; 1 910 адам ақылы қоғамдық жұмыстар, нақты 1 940 адам; 1 031 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы, нақты 897 адам; 20 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы жоспарлануда, нақты 7 адам; 768 адам «Күміс жас» жобасы, нақты 689 адам.

Одан бөлек, азаматтарды бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша 14 846 адам жоспарланған, есепті кезеңде 3 653 адам жұмысқа орналасқан. Осы ретте ескерте кететін жәйіт, барлық жұмыс берушілерге қазіргі кезде қолайлы автоматтандрылған «Еңбек кз» порталы бойынша азаматтарды жұмысқа қабылдау жүйесі жұмыс жасайды. Аталған порталға жұмыс беруші өзінде пайда болған бос жұмыс орындарын енгізе алады. Ал жұмыс іздеушілер бүкіл республика бойынша бос жұмыс орындарымен танысып, өзіне қолайлы, әрі лайықты жұмыс берушілермен тікелей байланысқа шығып немесе жұмыс беруші резюмелерді карап отырып біліктілік талаптары сәйкес келетін мамандармен тілдесіп, жұмысқа қабылдау мүмкіндіктері қарастырылған.

Халықты жұмыспен қамтуда қаламызда іске асырылып жатқан концепциялар мен қаланың 2021-2025 жылдарға арналған жоспары және жеке кәсіпкерлердің басатамасымен құрылып жатқан жұмыс орындарының орны айырықша. Шымкент қаласында 2024 жылға аталған бағыттар бойынша 26 482 жұмыс орны (тұрақты – 26 096, уақытша – 386) құрылатыны жоспарланған. Нақты 2024 жылдың алғашқы тоқсанында 3 089 адам жұмысқа орналасты.

Жоғарыда айтып өткенімдей құрылған жұмыс орындарының есебі «Enbek.kz» порталы арқылы жүргізіледі.

Сұхбат

PhotoRoom