ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Рейтинг
22.04.2024, 22:12
ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Баршаңызға белгілі Шымкентте бірнеше индустриалды аймақ бар және  аталмыш аймақтар үздіксіз жұмыс істеп келеді. Бұл – заман талабы. Аймақтар жұмыс істеуі аз, оны әрі қарай дамытуда нақты жұмыстар атқарылуы тиіс. Индустриялық аймақтағы мекемелерді жан-жақты сүйемелдеп отыру керек. Өндіріс үшін қолайлы шарттар жасау жеткіліксіз. Өнімнің ішкі нарыққа таралуы мен экспортына ықпал етуді қарастыру, ортақ бір платформада түйісуіне жағдай жасау қажет. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілгені белгілі.
Шым қаланың сауда-логистикалық орталығында 2024 жылы 207 жаңа жұмыс орындарын құрумен 37 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның бірі «СП Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС – алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт, инвестициялық құны – 27 млрд теңге, 100 жұмыс орны. Ал, екіншісі “НМИ ЮГ” ЖШС – көпфункционалды қойма кешені. Инвестициялық құны 10 млрд теңге, 107 жұмыс орындарын құрумен айналысады.


Бүгінгі таңда сауда-логистикалық орталығында 43,5 млрд теңгеге 660 жұмыс орнын құрумен 8 жоба жүзеге асырылуда. Бұл дегеніміз, 25,2 млрд теңгеге 285 жұмыс орнын құрумен 4 жоба жүзеге асырылған. 2023 жылы инвестициялық құны 703 млн теңгені құрайтын,  60 жаңа жұмыс орнымен 1 жоба іске асырылды. Бұл жоба «Арман ЮГ Групп» ЖШС  –  В класындағы құрғақ, мұздатқыш қоймалар, инвестициялық құны – 703 млн  теңге, 60 жұмыс орындарын құрумен айналысқан.


«Тассай» индустриялық аймағында 50,7 млрд теңгеге  2,6 мың жаңа жұмыс орнымен 43 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 2023 жылы жалпы құны 43,4 млрд теңгеге  30 жоба іске қосылып, онда 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. 2023 жылы инвестициялық құны 6,7 млрд теңге құрайтын, 195 жаңа жұмыс орындарымен 6 жоба жүзеге асырылды.

«Оңтүстік» индустриялық аймағында 101,4 млрд  теңгеге 3 мың жаңа жұмыс орындарымен 96 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 78 жоба іске қосылып, онда 2,7 мың жұмыс орындары ашылды және оған 96,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылды. 2023 жылы инвестициялық құны 5,3 млрд теңге құрайтын, 273 жаңа жұмыс орындарымен 2 жоба іске қосылды. 2024 жылы 38 жаңа жұмыс орындарын құрумен 547 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржыны жалпы құны 130,5 млрд теңге болатын  62 жобадан тұрады, олар 3,7 мың жұмыс орнын құруды көздейді. Аталған аймақта жалпы инвестиция көлемі 58,9 млрд теңге тұратын 38 жоба іске асырылып, 2,6 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды. 2023 жылы инвестициялық құны 560 млн теңге құрайтын,  110 жаңа жұмыс орындарымен 3 жоба іске асырылды. 2024 жылы 564 жаңа жұмыс орындарын құрумен 14,8 млрд теңгеге 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда бар.

Сұхбат

PhotoRoom