ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАДА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Рейтинг
22.04.2024, 22:25
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАДА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында кәсіпкерлік саласындағы жаңалықтар туралы ақпарт берді. Сонымен қатар, брифингте 2024 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі беріліп, 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жобаларды таныстырды.

Жалпы өңірлік өнім құрылымында ең жоғары үлес салмағын өңдеу өнеркәсібі – 19,1%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдер жөндеу – 18,3%, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 14,3%, өнімге салынатын салықтар – 8,6%, білім – 8,4%-ды құрайды. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша жаңа өндірістер саны» индикаторы бойынша 2024 жылы 1 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жалпы, еліміздегі отандық кәсіпорындар дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың 75% өндіреді. Шымкентті үлкен фармацевтикалық қала деп айтуға болады. Өйткені, еліміздегі ең үлкен дәрі шығаратын зауыт Шымкентте орналасқан. Ол – Химфарм. Бұл компания – еуропалық стандартқа сай келетін ірі зауыттардың бірі. Онда кемінде 191 түрлі дәрі шығарылады. Бұл елімізге шетелден келіп жатқан дәрінің 33 пайызын құрайды. Отандық фармацевтика саласында 96 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 33-і дәрілік заттар, 41-і медициналық бұйымдар және 22-сі медициналық техника өндіреді. 

Президент Жолдауда кәсіпкерлік субъектілерін ынталандыруға бағытталған бірқатар тапсырма бергенін еске салды. Атап айтқанда, мемлекеттік қаржылық қолдаудың ерекше шараларын ұсыну, сондай-ақ стандартты салық режимінде жұмыс істейтін бизнес үшін мемлекеттік тендерлерге жеңілдікпен қол жеткізу мәселелерін пысықтау керек. Бұдан бөлек, Қ.Тоқаев Үкіметке  қолдау шараларына қатысты тетіктерді сапалы түрде жаңғыртуды тапсырды.

Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметіне қатысты мәселелерге арнайы тоқталып, Палата бизнес пен мемлекет арасындағы тиімді диалогтың негізгі өзегі болуға тиіс екенін атап өтті.
Жалпы, фармацевтикалық өнім өндірісін одан әрі ынталандыру үшін АЭА аумақтары мен қызмет түрлері кеңейтіледі. Ғылыми зерттеу және тәжірибелік жұмыстар шеңберінде фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың перспективалық секторын айқындау бойынша орта мерзімге болжам жасалып, талдау жүргізіледі. Өнім сапасын арттыру және көлеңкелі экономиканы азайту үшін дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау бойынша пилоттық жоба енгізіледі. Сондай-ақ міндетті таңбалауға жататын тауарлар тізбесі кеңейтіледі. Дәрілік заттарды таңбалау және оның балама тәсілдерін енгізу кезеңдері айқындалады.

Сұхбат

PhotoRoom