Астанада 16 жастағы жасөспірім көпірден секірмек болды

Аймақ
03.09.2020, 13:03

Өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды полиция өкілдері аман алып қалды

Астанада 16 жастағы жасөспірім көпірден секірмек болды

2 қыркүейекте полиция қызметіне Сарайшық көшесінде өзіне қол жұмсамақ болған жасөспірім қыздың жүргені туралы хабарлама түскен. Жедел басқару орталығының операторлары оның қай жерде жүргенін біліп, оның көпірден секірмек болған жерін анықтаған. Арада 5 минут өткенде оқиға орнына Патрульдік полиция полкінің құрамы барып, көмірдің жиегінде секірмек болған қызды райынан қайтару үшін диалог орнатқан.

Полк құрамында болған капитан Бауыржан Қайырбековтың айтуынша, олардың райынан қайтаруға тырысқан әрекетіне қыз тарапынан еш реакция болмаған және ол күйзеліс жағдайында болған. Полиция өкілдері әңгімелесуге тырысқанмен, ол өзіне ешкімнің жақындамау керегін айтып айқайға басқан.

Арада бірнеше секунд өткенде полицей Әділет Амантай шапшаң қимылының арқасында қызды қапсыра құшақтап, аман алып қалған. Сосын қалған полиция өкілдері дер кезінде көмек беріп, қызды қауіпсіз жерге шығарған.

Өзіне қол жұмсамақ болған 16 жастағы қыз ата-анасымен бірге Есіл ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Қазір жасөспіріммен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Сұхбат

PhotoRoom