ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

Рейтинг
22.04.2024, 23:32
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

Қазіргі кезде елімізде халықтың денсаулығын нығайту жолында біршама шаруалар атқарылып, үкімет осы салаға ерекше көңіл бөліп отыр. Сооның бірі президенттің пәрменімен медицина саласының өкілдерін құқықтық және қаржылық тұрғыдан қорғау жүйесін енгізуге және олардың жауапкершілігін арттыруға арналған заңның күшіне енуі.  

 Енді медициналық мамандығы бойынша әскери қызметін өткеру немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқықтары берілді;
Қазіргі таңда медицина мамандығын меңгеріп жүрген және ниетті жастар көп.  Бірақ жас мамандар көп болғанымен ауылды жерлердегі медицина саласының ақсап тұрғанын айта кеткен жөн. Нысандар жаңартылып қажетті құрылғылар алынғанымен оның қаншалықты жұмыс жасап жатқандығы туралы бағасын халық берер. Шын мәнісіне келгенде білікті дәрігер адам өмірінің кепілі. Жоғардағы мәселенің шешімі заң жүйесінде былай қаралды. Яғни  тапшы мамандықты меңгерген медицина қызметкерлері ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген жағдайда, оған ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде бірреттік ақшалай төлем беріледі. Бұл бастамының тиімді тұстары ауылды жердегі медицина жақсарса екіншісі,  білім алып қалада  жұмыс таппай сабылып жүрген жастардың ауылға баруға талпынысы оянары сөзсіз.  

Қағаз бастылықтан арылу керектігін мемлекет басшысы осыдан бірнеше жыл бұрын айтқан болатын. Бірақ шын мәнісіне келгенде дәрігерлердің қажетсіз құжаттарды күндіз-түні бас алмай толтыруы тиылмаған. Аталған мәселе енді арнайы заңда қаралды. Дәлірек айтсақ   денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бұдан былай медицина қызметкерлері толтыруға міндетті құжаттама тізбесін бекітеді.  Бұл мемлекет басшысының ақхалаттылардың ісін оңтайландыру бағытындағы тағы бір бастамасы. 

Президент медицина қызметкерлерінің қоғамдағы мәртебесін арттыру үшін "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері" атағын енгізуді ұсынды. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау жүйесінде қызмет ету өскелең ұрпақ үшін мәртебелі әрі тартымды болуы тиіс деп санайды. Ақхалаттылар үшін қуанатын тағы бір жағдай  еңбек сіңірген дәрігері" атағына ие болғандарға 1000 АЕК біржолғы төлем төленеді. Парламент мәжілісі кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдағандығын айта кеткен жөн.

 

Сұлтанова Төрайым Жолдыбайқызы

Шымкент қалалық мәслихат депутаты

Сұхбат

PhotoRoom