«СҚ-Фармация» тұмауға қарсы екпенің 2 млн-нан астам дозасын сатып алды

Әлеумет
04.09.2020, 15:58

Бұл шамамен халықтың 11%-ын қамтуға жеткілікті

«СҚ-Фармация» тұмауға қарсы екпенің 2 млн-нан астам дозасын сатып алды
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстандағы дәрі-дәрмек қоры және тұмауға қарсы екпе бойынша мәлімет берді.

«СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы тұмауға қарсы екпенің 2 млн-нан астам дозасын сатып алды. Бұл шамамен халықтың 11%-ын қамтуға жеткілікті. Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармалары қосымша 753 900 дозаға тапсырыс берген.

«Елімізде тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйектен басталады, яғни әдеттегі мерзімнен екі апта ертерек. Бұл эпидемиологиялық маусымда туындайтын тұмау секілді ауруларға төтеп беретін иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді», деп хабарлады ДСМ ресми өкілі.

Тұмауға қарсы екпенің күші 6 айдан 12 айға дейін сақталады. Маусымдық тұмауға қарсы халыққа екпе жасау үшін 5 мыңнан астам егу кабинеті дайындалды. Қосымша екпе салатын мамандар оқытылуда. 1 107 семинар жүргізілді. Нәтижесінде 7 мыңнан астам дәрігер мен 15 мыңға жуық кіші және орта буын қызметкер даярлықтан өтті.  

Сұхбат

PhotoRoom