Үндістан КВИ жұқтырғандардың саны бойынша әлемде екінші орынға шықты

Әлем
07.09.2020, 12:04

Елде коронавирустан көз жұмғандар саны 71,6 мыңға жеткен

Үндістан КВИ жұқтырғандардың саны бойынша әлемде екінші орынға шықты
Фото: aljazeera.com

Джонс Хопкинс университетінің деректері бойынша, әдемде коронавирус жұқтырғандар саны 27,1 млн адамды құрады. Коронавирус жұқтырған елдер бойынша алғашқы үштікке АҚШ, Үндістан және Бразилия елдері кіреді.

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейіп, бұған дейін екінші орында тұрған Бразилияны басып озған. Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 4,2 млн адамнан асты.

Үндістанның денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте коронавирус анықталған адамдардың саны 90,8 мың адамға жетіп, рекордтық көрсеткішке жеткен. Науқастардың 77,31%-ы (3,25 млн адам) жазылып шықса, ауруханаларда 882 мың адам ем алып жатыр. Ал, коронавирустан көз жұмған адамдардың саны 71,6 мыңға жеткен.

Сұхбат

PhotoRoom