Шымкент: 381 нысанға жаңа атау беріледі

Аймақ
07.09.2020, 16:25

Қазіргі таңда Шымкент қаласында жалпы 2 829 көше бар

Шымкент: 381 нысанға жаңа атау беріледі

Қала аумағы жыл санап ұлғайып, жаңа шағын аудандар пайда болып жатыр. Ондағы көшелердің кейбірінде әлі күнге дейін атауы жоқтары да кездеседі.

Осыған сәйкес, 381 нысанға жаңа атау беру бойынша Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы шықты. Оның ішінде 24 шағын аудан, атауы қайталанатын 52 көше және 305 атауы жоқ көше бар.

Сондай-ақ, қалалық ономастика комиссиясының отырысы өткізіліп, комиссия мүшелері «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әл-Фарабидің есімін беру бойынша ұсынысты бір ауыздан қолдаған. Бірлескен шешім негізінде Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылып, ұсыныс оң қорытындысын алды. Жыл соңына дейін Отырар қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына Әл-Фарабидің есімі берілетін болады. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сұхбат

PhotoRoom