Әділбек Қабаев Тіл комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Жаңалықтар
08.09.2020, 18:28

21 тамызда Тіл саясаты комитетінің бұрынғы төрағасы Ғалымжан Мелдешов қызметінен босатылды

Әділбек Қабаев Тіл комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Әділбек Күнесханұлы Қабаев Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Әділбек Қабаев 1963 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 2011 жылы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Әр жылдары «Арай-Заря» журналында, «Лениншіл жас», «Жас Алаш», «Айқын» газеттерінде корректор, тілші, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, редактор болып жұмыс істеген.

2009-2012 жылдары ҚР Бас прокуроры аппаратының тіл саясаты және ақпарат басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, ҚР Бас прокуроры аппаратының медиа-орталығының басшысы, баспасөз қызметінің басшысы болды.

2012-2020 жылдары — ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің басшысының орынбасары, басшысы.

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі таңға дейін Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Сұхбат

PhotoRoom