Шымкентте ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қайта жұмысын бастайды

Аймақ
09.09.2020, 18:55

Шымкенттіктер әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатын жәрмеңкеден азық-түлік өнімдерін көтерме бағада сатып ала алатын болады

Шымкентте ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қайта жұмысын бастайды
фото: Otyrar.kz

Шымкенттегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Қажымұқан атындағы орталық стадионда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы сенбіде қайта жұмысын бастайды деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Демек шымкенттіктер әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатын жәрмеңкеден азық-түлік өнімдерін көтерме бағада сатып ала алатын болады.

Бұл жөнінде қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков жәрмеңке ассоциациясы мүшелерімен кездесу барысында хабарлады. Кездесуде жәрмеңке кезінде карантин талаптарын қатаң сақтау шаралары  түсіндірілді.

Айта кету керек, жәрмеңкеде жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың және ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтарының өнімдері сатылады.  Ет, сүт, бау-бақша, көкөніс, макарон, шұжық, тұрмыстық химия, текстиль жəне өзге де  өнімдер базар нарқынан тауар түрлеріне қарай  10-15 пайызға төмен ұсынылады.

Сұхбат

PhotoRoom