Жеке кәсіп ашқысы келген адамның айналымға салатын қомақты сомада қаржысы болуы керек. Мұндайда әдетте банктер көмекке келеді. Ал тұрақты жұмысы, ескі үйінен өзге ештеңесі жоқ азаматтар банктен несие алуына кепілдік мүлкі жарамайды, не қаржысы жетпейді. Осы ретте Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қайтарымсыз грант алуға мүмкәндіктері бар.
Қайтарымсыз грант қаражаттары жаңадан бастаған кәсіпкерлерге бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беру жұмыстары ұйымдастырылып келеді.
Грант алу үшін бірқатар шарттарға сай болуы керек. Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыруға арналған мемлекеттік грантқа үміткер бола алады:
- тіркелген жұмыссыздар;
- жеке кәсіпкерлер (тіркелгеніне үш жылдан аспауы керек).
Өтеусіз және қайтарымсыз негіздегі грант сомасы – 400 АЕК (2024 жылы 3692х400=1476,0 мың теңге). Әр қатысушы оны тек бір рет қана ала алады.
Қайтарымсыз грантқа қалай өтініш беруге болады?
Өтініш беру үшін әуелі порталда тіркелу керек. Келесі кезекте грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту қажет. Одан кейін бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу міндет. Арнайы өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек. Порталға электронды пошта немесе ұялы телефон нөмірі арқылы тіркелуге болады.
Enbek.kz порталында бұрын тіркелген аккаунтыңыз болса, онда қайта тіркелудің қажеті жоқ. Пайдаланушыны сәйкестендіріп, тіркеуді аяқтау үшін ЖСН көрсету керек.
Келесі қадам бизнес-жоспар қалай түзіледі? Бизнес-жоспар аты айтып тұрғандай бұл бизнесті құрудан бастап нақты мақсаттарға жетуге дейінгі нұсқаулық. Ол неғұрлым жақсы пысықталған және қазіргі жағдайларға бейімделген болса, оны іске асыру және грант түрінде қаржылық қолдау алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны бизнес-жобаңыз туралы деректермен толтырып, грантқа онлайн өтініш берген кезде пайдалану қажет. Гранттарды грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссиялардың шешімдері негізінде жұмыспен қамту орталықтары береді.
Үміткерлер комиссия отырыстарында бизнес-жобаларын таныстырады. Комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды.
Кәсіпкерлік саласы дамымайынша елдің дамуы болмайтыныны баршаға аян. Аталмыш сала елдің қазынасын ұлғайтып, жұмыссыздықты азайтатын, экономиканың барлық секторын қозғалтатын күш екені айдан анық.