Путин ШЫҰ елдері сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді

Саясат
10.09.2020, 17:18

Путин ШЫҰ-ға Ресей төрағалық еткен кезде ұйымның қарқынын бәсеңдетпей және тиімді жұмыс істеуі үшін қажеттінің барлығын жасауға тырысқанын айтты

Путин ШЫҰ елдері сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді
фото: gov.kz

Ресей президенті Владимир Путин онлайн режимде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Путин ШЫҰ-ға Ресей төрағалық еткен кезде ұйымның қарқынын бәсеңдетпей және тиімді жұмыс істеуі үшін қажеттінің барлығын жасауға тырысқанын атап өтті.

«ШЫҰ Еуразиялық аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті, тұрақты дамуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Тең құқылық және мүдделерді өзара есепке алу қағидаттарында әрекет ете отырып, біз әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің шешімдерін бірлесіп іздеуге, БҰҰ және басқа да халықаралық форматтарды қоса тығыз сыртқы саяси үйлестіруді жүзеге асыруға ұмтыламыз», - деді В.Путин.

Сондай-ақ ұйым іс жүзінде жаңадан пайда болған өзекті сын-қатерлерге жедел ден қойып отырғаны айтылды. ШЫҰ елдері коронавирустың таралуының саяси, сауда-экономикалық, әлеуметтік салдарын еңсеруге күш салуда.

Мемлекет басшысы алдағы отырыста қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, Мәскеу алаңында қабылданған шешімдер ШЫҰ-ның кең дәрежеде әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сұхбат

PhotoRoom