Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Жаңалықтар
10.09.2020, 19:45

Сондай күдікпен құрылыс басқармасының басшысы да ұсталды

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
2020 жылдың маусымы, Нұрлан Таубаев Атырау облысы құрылыс басқармасының жаңа бастығы ретінде Тимур Басаровты таныстырып тұр

10 қыркүйекте 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров ұсталды. Бұл туралы azh.kz хабарлады.

Оларды Астанадан Атырауға арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкерлері ұстаған. Істің егжей-тегжейі әлі хабарланған жоқ.

Сұхбат

PhotoRoom