Алматы облысында 1 млн теңгеден астам жалған ақша жасаған азамат сотталды

Аймақ
11.09.2020, 12:23

Ол номиналы 5 000 теңгелік жалған ақша сатқан

Алматы облысында 1 млн теңгеден астам жалған ақша жасаған азамат сотталды
Фото: informburo.kz

Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 1988 жылы туған Қазақстан азаматына қатысты жалған купюраларды дайындау, сақтау, тасымалдау және сату бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді.

Тергеу барысында Алматы қаласының тумасы Алматы облысы аумағында жалпы сомасы 1 млн теңгеден асатын номиналы 5 000 теңге болатын жалған ақша қаражатын өткізгені анықталды.

Сот үкімі бойынша айыпталушы қылмыс жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабының 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сұхбат

PhotoRoom