Жаңаөзен қаласында көшеден жаңа туған нәресте табылды

Әлеумет
13.09.2020, 18:30

Баланың жағдайы - тұрақты ауыр

Жаңаөзен қаласында көшеден жаңа туған нәресте табылды
Фото: lada.kz

Жаңаөзен қаласы «Рахат» шағынауданындағы көшелердің бірінен жаңа туған нәресте табылды.

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 қыркүйек күні түнгі сағат 23.00 кезінде жергілікті тұрғындар «103» нөміріне хабарласып, баланың жылаған дауысын естіп, даладан жаңа туған нәрестені тауып алғанын айтқан. Сәби Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі таңда бала интенсивті терапия палатасында жатыр. Баланың жағдайы тұрақты ауыр. Оның неше күн бұрын және қай жерде дүниеге келгені белгісіз», - деп хабарлады ведомстводан.

Сұхбат

PhotoRoom