Израиль билігі елде қатаң карантин режимін енгізді

Әлем
14.09.2020, 11:44

Израильде соңғы бір тәулікте 4 мыңға жуық науқас тіркелген

Израиль билігі елде қатаң карантин режимін енгізді
Фото: reuters

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елде үш аптаға карантин енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Министрлер кабинеті төрағасының айтуынша, 19 қыркүйекте бастап елде локдаун режимі енгізіледі.

«Бүгін Үкімет отырысында біз елді келесі үш аптаға карантинге жабу туралы шешім қабылдадық», - деді Нетаньяху баспасөз мәслихатында.

Дереккөз мәліметінше, Израильде тұрғындардың қозғалысы шектелді, оқу орындары жабылды, мейрамханалар мен кафелер, кеңселер жұмысын тоқтатты.

Израильде соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр. Бүгінде елде науқастардың саны 156 мыңға жетті. Соңғы тәулікте 4 мыңға жуық науқас тіркелген.

Сұхбат

PhotoRoom