Қарағанды әкімінің орынбасары мемлекетке 107 млн теңге шығын келтірген деп айыпталып отыр

Аймақ
14.09.2020, 12:22

Лауазымды тұлға 2 айға қамауға алынды

Қарағанды әкімінің орынбасары мемлекетке 107 млн теңге шығын келтірген деп айыпталып отыр

Қарағанды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің мемлекетке 107 млн теңге шығын келтіргенін, қазіргі уақытта ол сот санкциясымен 2 айға қамауға алынғанын хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, 12 қыркүйекте Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері қала әкімінің орынбасарын ұстаған.

«Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді. 2018 жылы Қарағандының ірі панельді тұрғын үйлерін салуға «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқыру және жымқыру бойынша алдын ала сөз байласты деп айыпталып отыр», - делінген хабарламада.

Қазір оған қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, іс облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша тергеуге қаытсты  өзге де ақпарат құпия болып саналады және оны жариялауға болмайды.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің ұсталғаны хабарланған болатын.

Сұхбат

PhotoRoom