Атырауда ірі көлемде ақша жымқырды деп айыпталған шенділер 2 айға қамауға алынды

Аймақ
14.09.2020, 14:32

Егер олардың кінәсі дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Атырауда ірі көлемде ақша жымқырды деп айыпталған шенділер 2 айға қамауға алынды
фото: Нұрлан Таубаев пен Тимур Басаров

Сот 10 қыркүйекте ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровқа 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Олар тергеу абақтысына қамалды. Бұл туралы «Ақ Жайық» хабарлады.

Оларға қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тармағы (Қылмыстық топ жасаған, сондай-ақ аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша тергелуде.

Егер олардың кінәсі дәлелденсе, онда оларға параның 80 еселенген мөлшерінде айыппұл төлеу немесе мүлкін тәркілеумен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы беріледі.

Естеріңізге салсақ, 10 қыркүйекте Таубаев пен Басаров 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Айта кету керек, дәл осы күні Таубаев Түркістанға іссапармен ұшуы керек болған.

Сұхбат

PhotoRoom