Петропавл әуежайына ескерту жасалды

Аймақ
14.09.2020, 17:29

Ол жерде авиация қызметі туралы заңнамалық талаптар бұзылған

Петропавл әуежайына ескерту жасалды
фото: ppkport.kz

Петропавл әуежайынан көптеген ереже бұзушылық анықталды. Егер олар бір ай ішінде жойылмаса, әуежай жабылуы мүмкін.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мамандары 9-11 қыркүйек аралығында Петропавл халықаралық әуежайын тексерді.

ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында мамандар әуе кеңістігін пайдалану және ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету, ұшуларды электржарықтехникалық қамтамасыз ету, ұшуларды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету бөлігінде авиация қызметі туралы заңнама талаптарының бұзылуын анықтады.

«Тексеру аяқталған күннен бастап бір ай ішінде заңбұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы инспекторлық нұсқама берілді», - деді комитеттегілер.

Сұхбат

PhotoRoom