Түркістанда инвестициялық жобалар қарқынды дамуда

Рейтинг
27.05.2024, 14:47

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өндірістік парктегі өндіріс орындарын аралап, құрылысымен танысты. Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған.

Түркістанда инвестициялық жобалар қарқынды дамуда

Бірнеше кезеңнен тұратын жобаның бірінші кезеңінде 10 ғимараттың құрылысы аяқталып, 23 мың шаршы метр қолданысқа берілдіп, тартылған инвестиция көлемі 30,7 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылып, 500 жаңа жұмыс орындары құрылуда.

Мәселен, «Aqniet Holding» ЖШС мектепке арналған жиһаздар мен медициналық жиһаздарын шығарса, «BNK Group» ЖШС су үнемдеу технологияларын енгізіп жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаруда.

Екінші кезеңде 25 мың шаршы метр қолданысқа беріліп, инвестиция құны 32,3 млрд теңге құрайтын 12 жоба іске қосылып, қосымша 400-ден аса жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

Үшінші кезеңде инвестиция құны 35,1 млрд теңгені құрайтын 14 жоба жұмыс жасауға ниет білдіріп отыр.

Жалпы айтқанда, өндіріс аймағына тартылатын жеке инвестиция көлемі 98 млрд теңгені құрап, Өндірістік парк толығымен іске қосылған соң 2000-нан аса жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

 

Сұхбат

PhotoRoom