Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру ұсынысын қолдады

Рейтинг
04.06.2024, 19:21

Алматыда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысында Таяу Шығыстағы ахуал, Ауғанстан мәселесі мен аталған ұйымға мүше елдер азаматтарының қауіпсіздігі мен сауда-саттық деңгейі және тағы да басқа мәселелер қаралды.

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру ұсынысын қолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушылармен кездесуде Ресейдің ұйымның Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру туралы ұсынысын қолдап, басқа елдердің делегацияларын да бастаманы қолдауға шақырды.

Мемлекет басшысы жиында Ауғанстандағы жағдайға айрықша тоқталып, Ауғанстанды өңіраралық байланыстарға белсенді тарту қазіргі кезеңдегі стратегиялық міндеттердің бірі деген пікірін білдірді.

Қазіргі заманның сын-қатерлеріне қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру міндеттерін еліміздің Ұйымға төрағалық ету кезеңінде басым бағыт ретінде белгіледі.

Президент террорлық қауіп-қатермен күресуде және ұйымға мүше елдер азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде пәрменді шаралар қабылдау қажеттігін айтып, ұжымдық қауіпсіздік күштерінің дайындық деңгейін жоғарылатуға тоқталды.  

Биыл елімізде «Мызғымас бауырластық-2024» және «Жартас-2024» оқу-жаттығу жиындарына дайындықтан хабардар етті.

Сонымен қатар, кездесуде ел Президенті Қазақстандағы су тасқыны кезінде көмек көрсеткен мемлекеттерге ризашылығын білдіріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен ықпалдастықты нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Одан бөлек, еліміздің ЖІӨ көлемі 265 млрд долларға жеткенін мәлімдеп, 23 млрд доллардан астам тікелей инвестиция тартылғанын айтты.

–Еліміздің халықаралық резервтері 100 млрд долларға жуықтады. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша биыл Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 13 пайызға өсіп, шамамен 15 млрд долларды құрауға тиіс. Жақында мен кәсіпкерлік еркіндік пен бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттің экономикадағы үлесін қысқарту және бизнес шығындарын азайту арқылы экономиканы ырықтандыруға негіз қалайтын Жарлыққа қол қойдым, – деді Президент.

Кездесу соңында Кеңес қабылдайтын құжаттар мемлекеттердің мүдделерін ескере отырып, ұлттық заңнамаларын ілгерілетуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Сұхбат

PhotoRoom