Асқар Мамин Түркіменстан президентімен келіссөз жүргізді

Экономика
17.09.2020, 20:36

Бүгін Ашхабад қаласында ҚР премьер-министрі Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен кездесті

Асқар Мамин Түркіменстан президентімен келіссөз жүргізді
Фото: primeminister.kz

Тараптар дамудың жоғары қарқынын және экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті. Карантин шараларына және әлемде орын алған қазіргі жағдайға қарамастан, Қазақстанның Түрікменстанмен сауда деңгейі тұрақты өсімді сақтап қалды — 2020 жылғы қаңтар-шілде айларында тауар айналымы 10%-ға шамамен $100 млн-ға дейін ұлғайды. Биылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстан аумағы арқылы Түрікменстанға теміржол жүктерін транзитпен тасымалдау көлемі 55%-ға артты. 

Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, транзиттік-көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Түрікменстанның Балқан уәлаяты арасындағы шекара маңы ынтымақтастығын дамыту келешегіне, оның ішінде екі елдің шекарасында шекара маңы саудасының арнайы аймағын құру жолымен дамытуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Ашхабад қаласына жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрі А. Мамин Түрікменстанның министрлер кабинеті басшысының орынбасарлары Р. Мередовпен, Б. Овезовпен және М. Мередовпен жеке келіссөздер жүргізді, онда экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың практикалық шаралары қаралды.

Сұхбат

PhotoRoom